Заң талаптарын білу және оларды сақтау – құқықтық мәдениеті қалыптасқан қоғамның басты белгісі. Әрбір азамат өз құқығын ғана емес, өзгелердің алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін де түсінуі қажет. Құқықтық сауаттылықтың артуы алаяқтық, ұсақ құқық бұзушылықтар және қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларының алдын алуға көмектеседі. Осы бағытта мектептерде, еңбек ұжымдарында және тұрғындар арасында түсіндіру кездесулерін өткізу маңызды. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматтың заңға құрметпен қарап, күнделікті өмірде жауапты әрекет етуін көздейді. Қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда, азаматтар заңды жолмен әрекет етіп, тиісті органдарға хабарлай алады. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда өзара сенім нығайып, адамдардың қауіпсіздігіне қолайлы жағдай қалыптасады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

