Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-танымдық дамуына ықпал ету мақсатында мектепте «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «12 айда – 12 кітап» бастамасы жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру, оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру және өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту.
Бастама аясында 2–4, 5–8 және 9–11-сынып оқушылары жыл бойы ай сайын бір кітаптан оқуды жоспарлап отыр. Оқу барысында балалар мен жасөспірімдер әдеби шығармалармен танысып, білім көкжиегін кеңейтіп, сөздік қорын молайтуға және сыни ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік алады.
Кітап оқу – баланың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, оның тіл байлығын жетілдіруге, ойын еркін жеткізуіне, жақсы мен жаманды ажырата білуіне ықпал ететін маңызды құрал. Сонымен қатар көркем әдебиет оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа және рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы бұл бастама мектеп оқушыларының оқырмандық дағдыларын қалыптастырып, білімге құштар ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.
Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағының кепілі. Кітаппен дос болайық, білімімізді толықтырып, оқу мәдениетін бірге дамытайық!
Толқын ОДАШҚЫЗЫ
Алатау қаласы

