Перейти к содержимому

Құтқарушыларға құрмет

40 қаралым

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Құтқарушылар күніне орай сала мамандарына құр мет көрсетіліп, үздік қыз мет керлер марапатталды. Оларға «Құтқарушы», «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Құтқару опера циясына белсенді қатысқаны үшін» медалі мен Алматы облысы әкімінің Алғыс хаты және өзге де марапаттар табысталды.

Шараға облыс әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, азаматтық қорғау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құтқару қызметі – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін айрықша сала. Олар жедел көмек көрсетумен қатар, қауіптің алдын алуға бағыт талған күнделікті тынымсыз жұмы сымен де ерекше қадірлі. Жоғары кәсібилік, шұғыл шешім қабылдай білу және үйлесімді әрекет қатердің бетін қайтарып, адам өмірін аман алып қалуда шешуші рөл атқарады. Осы жауапты міндеттерді сапалы орындау үшін құтқарушылардың кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, олардың қызмет етуіне қажетті жағдайды қамтамасыз ету де маңызды. Бұл бағытта өңірімізде жаңа өрт сөндіру деполары мен бекеттерін ашуға, сондай-ақ қолданыстағы нысандарды жаңғыртып, маман дардың кедергісіз жұмыс істеуіне көңіл бөлінуде. Бұл мереке – ел қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың есімін ұлық тауға арналған ерекше күн. Қызмет барысында өз өмірін тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тәуекелге тігіп келе жатқан әрқайсыңызды бейбіт күннің батырлары деп білеміз. Осы салаға саналы ғұмырын арнап, азаматтық қорғау саласында ұзақ жыл бойы еңбек еткен сала арда герлеріне де алғысымыз шексіз. Сіздердің салған сара жолдарыңыз – бүгінгі буынға айнымас бағыт-бағдар», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Жыл басынан бері облыс бойынша 5 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Ал өткен жылы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 9 өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл төтенше жағдай кезінде көмекке уақытылы жетуге мүмкіндік береді. Аймақ басшысының айтуынша, алдағы уақытта да құтқару қыз метінің әлеуетін арттыру, қажетті инфрақұрылымды дамыту және мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жұмысы жалғасын табады.

Мереке қарсаңында марапатқа ие болғандардың бірі – Әбікен Мәкетов. Ол құтқару қызметінде 35 жыл бойы еңбек еткен. Қатардағы өрт сөндірушіден бастап, полковник лауазымына дейін көтеріліп, «Еңбек ардагері» төсбелгісін иеленді.

– Бұл – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, жоғары жауап кершілікті талап ететін сала. Басымыздан түрлі жағдай өтті. Барлық кезде намысқа тырысып, адамдардың амандығы үшін жан берісіп жұмыс істедік. Біз қыз мет еткен жылдар материалдық-техникалық база әлі жетілмеген кездер еді. Ал қазір төтенше жағдай кезінде қолғабыс болатын құрал-жабдықтың бәрі бар. Құтқарушы қызметіне тек батыр азаматтар ғана келеді. Сондықтан барлық азаматтық қорғау саласы ның саңлақтарын айтулы мерекемен құттықтаймын, – деді сала ардагері.

Марапат алғандар қатарында Қонаев қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мек тептің 4-сынып оқушысы Иван Зорькин де бар. Ол шаһардағы ғимараттардың бірінде тұтанған өртті ауыздықтауға үлес қосқан.

– Сол сәтте менің санамда тек «Адамдар жапа шекпесе екен» деген ой болды. Қолымнан келгенше жалынды өшіруге жәрдем бергім келді. Өзім болашақта төтенше жағдай саласында білім алып, қыз мет еткім келеді. Бұл оқиға арма ныма апаратын жолдың алғашқы баспалдағы болды деп сенемін, – деді ол.

Осылайша, өңіріміздің ты ныштығы жолында аянбай тер төгіп, адал қызмет атқарып жүрген жандардың еңбегі еленіп, сый-құрметке бөленді.

Гүлзат БАЙҚОНЫС

↑