Тазалық – мәдениеттілік пен жауапкершіліктің белгісі. Адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы оның тәрбиесін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» бастамасының қоғам үшін маңызы ерекше.
Таза әрі көрікті елде өмір сүру үшін әрбір азамат өз үлесін қосуы қажет. Қоғамдық орындарды ластамау, көшелерді таза ұстау, ағаштар мен гүлдерге қамқорлық жасау – барлығымыз орындай алатын қарапайым міндеттер. Тазалықты сақтау тек арнайы шаралар кезінде ғана емес, күн сайын жүзеге асуы керек.
Әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру маңызды. Мектеп оқушыларының сенбіліктерге қатысуы, ағаш отырғызуы және қоршаған ортаны қорғау шараларына араласуы олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Осындай жақсы әдеттер арқылы жас ұрпақ туған жерін құрметтеуді үйренеді.
Менің ойымша, тазалық әр адамның өзінен басталады. Егер бәріміз айналамызға мұқият қарап, тазалықты сақтасақ, еліміз одан әрі көркейе түседі. Таза Қазақстан құру үшін үлкен істі күтудің қажеті жоқ. Ең бастысы – әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарауы керек.
ЕРЗАТ АСЫЛ

