Перейти к содержимому
Басты бет / Цифрлық технология / Цифрлық қауіпсіздік – әр адамның міндеті

Цифрлық қауіпсіздік – әр адамның міндеті

51 қаралым

Қазіргі кезде интернетті пайдаланбайтын адамды кездестіру қиын. Әлеуметтік желілер, онлайн төлемдер және түрлі электрондық қызметтер өмірімізді жеңілдетті. Алайда цифрлық мүмкіндіктермен бірге интернеттегі қауіптер де көбейіп келеді. Сондықтан цифрлық қауіпсіздік ережелерін білу әр адам үшін маңызды.

Интернетте жеке мәліметтерді ұрлау, жалған хабарламалар жіберу және алаяқтық жасау жағдайлары кездеседі. Кейбір адамдар белгісіз сілтемелерге өтіп немесе құпиясөздерін басқаға беріп, өз аккаунттарынан айырылып жатады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін күрделі құпиясөз орнатып, оны ешкімге айтпау керек. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерді ашпау және бейтаныс адамдарға жеке ақпарат жібермеу қажет.

Балалар мен жасөспірімдер де интернетті қауіпсіз пайдалануды үйренуі тиіс. Әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттың барлығы бірдей шындыққа сәйкес келмейді. Сол себепті ақпараттың сенімділігін тексеріп, интернетте әдептілік сақтау маңызды.

Қорытындылай келе, цифрлық қауіпсіздік – заман талабы. Әр адам интернетті саналы әрі жауапкершілікпен пайдаланса, көптеген қауіптің алдын алуға болады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өзімізді және жеке мәліметтерімізді қорғаудың ең тиімді жолы.

ТОҒЖАН ЖОЛДЫҒАЛИ

↑