Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Бір қоңырау адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін

Бір қоңырау адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін

24 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік кейде бір адамның дер кезінде жасаған әрекетіне байланысты болады. Көшеде жанжалға куә болу, қоғамдық орында күмәнді жағдайды байқау немесе біреудің көмекке мұқтаж екенін көру – бейжай қалуға болмайтын сәттер. Мұндай жағдайда дұрыс әрекет ету оқиғаның ушығуына жол бермеуі мүмкін.
Алайда қауіп төнген кезде өз бетінше араласып, жағдайды күрделендірудің қажеті жоқ. Ең алдымен қауіпсіз жерге шығып, тиісті қызметтерге хабарлаған жөн. Қазақстанда полицияның жедел нөмірі – 102, бірыңғай шұғыл қызмет нөмірі – 112.
Қоғамдағы тәртіп тек құқық қорғау органдарының жұмысына емес, тұрғындардың жауапкершілігіне де байланысты. Қауіпті жағдайды байқап, уақытылы хабарлау – азаматтық ұстанымның нақты көрінісі. Кейде бір қоңырау үлкен қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік береді.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑