Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы түрлі ұсыныстар түседі. Кейбірінде жоғары жалақы, икемді кесте және тәжірибесіз-ақ табыс табу мүмкіндігі уәде етіледі. Алайда барлық ұсыныс бірдей сенімді емес.
Күмәнді жұмыс беруші қызметке қабылдау үшін алдын ала ақша аударуды сұрауы немесе жеке банк деректерін талап етуі мүмкін. Кейде жұмыс мазмұны нақты түсіндірілмей, белгісіз адамдардың ақшасын қабылдау не басқа шотқа аудару ұсынылады. Мұндай тапсырмаларға келіспес бұрын оның заңдылығын мұқият тексеру қажет.
Жұмыс берушінің атауын, байланыс деректерін және келісім шарттарын анықтаған дұрыс. Тек жоғары жалақыға қызығып, шешімді асығыс қабылдауға болмайды.
Еңбек етуге деген талпыныс алаяқтардың пайдасына айналмауы тиіс. Сенімді жұмыс нақты міндеттермен және түсінікті шарттармен ерекшеленеді.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

