Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жол үстіндегі асығыстық қайда апарады?

Жол үстіндегі асығыстық қайда апарады?

41 қаралым

Кей жүргізушілер межелі жерге тез жету үшін жылдамдықты арттырып, жолдағы жағдайды ескерусіз қалдырады. Алайда асығыстық көлік басқару кезінде қателік жасау қаупін арттырады. Бірнеше минут үнемдеу үшін адам өмірін қатерге тігуге болмайды.
Жүргізуші жолға шығар алдында уақытын дұрыс жоспарлап, қозғалыс кезінде белгіленген жылдамдықты сақтауы керек. Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда мұқият болып, жол жағдайына қарай әрекет еткен жөн. Ауа райы нашарлаған кезде де жылдамдықты төмендету қажет.
Жол қауіпсіздігіне тек жүргізушілер емес, жолаушылар да ықпал ете алады. Қауіпті әрекетті байқаса, жүргізушіге сабырмен ескерту жасаған дұрыс.
Жолда ұтқан уақыттан адам өмірі қымбат. Сондықтан қауіпсіздікке басымдық беру әрбір сапардың басты қағидасы болуы керек.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑