2023 жылы Алматы облысы бойынша 4882 мүгедектігі бар азаматқа мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалған.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Аталған жәрдемақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 43 407 теңгеге ұлғаюына байланысты 7 пайызға өсті.
Биылғы артқан жәрдемақы мөлшері мынадай:
• 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге;
• I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
• II топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;
• III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге төленеді.
• бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
• бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;
• бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге беріледі.
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
• екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі = 76 396 теңге;
• үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 52 088 теңге.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы да мемлекет ай сайын әлеуметтік жәрдемақымен қамтиды. Оларға берілетін жәрдемақы мөлшері санатына қарай мынадай:
Оларға 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне тең 69 885 теңге жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға, онымен туыстық байланысына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері 69 885 теңгені құрайды.
Айдосқызы Мөлдір,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері