Алматы облысында орналасқан Oi-Qaragai тау курорты халықаралық Ski Business Awards салалық байқауында «ТМД елдерінің үздік тау шаңғысы кешені» аталымы бойынша үздік курорт деп танылды.
Бұл жетістік еліміздің туристік әлеуеті мен отандық курорттардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ski Business Awards сыйлығы жыл сайын тау шаңғысы индустриясының өкілдерін біріктіретін Туристік аумақтар форумы (FTT) аясында табыс етіледі. Байқауда курорттық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және туристік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында үздік нәтижеге қол жеткізген нысандар марапатталады.
«Алатау – Ақпарат»

