
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Алатау қаласының Қоянқұс, Жетіген, Арна және өзге де шағынаудандарында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қаланың көркін жақсарту.
Тазалық жұмыстарына әкімдік қызметкерлері, белсенді азаматтар және қоғам өкілдері қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында көшелер, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық көлік аялдамаларының аумағы тазартылып, шашылған қоқыстар жиналды.
Мұндай игі бастамалар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.
Риза САУРБАЕВА
Алатау қаласы

