«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау жұмыстары жалғасуда. Тазалық шараларына тұрғындар, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге үлес қосуда. Мұндай игі істер табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырады. Таза әрі көрікті орта – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Ерзат АСЫЛ

