Қазіргі таңда меншіктің едәуір бөлігі цифрлық кеңістікке ауысты: онлайн-банкинг, электронды әмияндар, цифрлық құжаттар, онлайн-дүкендер мен авторлық контент. Соған сәйкес мүлікті қорғау дағдылары да жаңаруы керек. Күдікті сілтемелерге өтпеу, екі факторлы аутентификацияны қосу, күрделі құпиясөз қолдану және бөгде адамдарға SMS-кодтар мен жеке деректерді бермеу — қазіргі заманғы қаржылық гигиенаның негізі. Егер алаяқтық немесе заңсыз әрекет байқалса, уақыт жоғалтпай банкті бұғаттап, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Цифрлық сақтық жеке қаражат пен деректерді сақтаудың басты кепілі.
ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

