Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

49 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Іле ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Аталған іс-шараға Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ұлан Садықов, Іле аудандық полиция басқармасының бастығы Ертіс Тоқтаров және Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықов қатысты.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есірткі қылмысына қарсы күрес, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және қоғамдық тәртіпті нығайту бағыттарына басымдық берілуде.

Сонымен қатар, мектептер мен колледждердің маңында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жасөспірімдердің қауіпсіздігі, сабақтан тыс уақыттағы жүріс-тұрысы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бақылауға алынуда. Білім беру ұйымдарының аумағында оқушылар мен студенттерге құқықтық түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.

«Қауіпсіз аудан» бағыты аясында қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, есірткі заттарының заңсыз айналымына жол бермеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар күшейтілуде.

Аталған жұмыстардың басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында заңға құрмет қалыптастыру және аудан тұрғындары үшін қауіпсіз қоғамдық орта құру.

Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік. Заң талаптарын сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу әрбір азаматтың белсенді ұстанымынан басталады.

«Алатау – Ақпарат»

↑