Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ауладағы тәртіп – бейбіт өмір бастауы

Ауладағы тәртіп – бейбіт өмір бастауы

19 қаралым

Көпқабатты үйлердің ауласы мен кіреберістері – күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Тұрғындардың өз ауласындағы тәртіпке немқұрайлы қарамауы құқық бұзушылықтың алдын алуға зор үлес қосады. Көше шамдарының жануын қадағалау, бейтаныс адамдардың күдікті әрекеттерін байқаса, полицияға уақытылы хабарлау – әркімнің қолынан келетін іс. Тұрғындар мен полиция бірлесе әрекет еткен жерде тыныштық пен сенім орнайды.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑