Қала көшелерінде электр самокаттары мен мопедтердің көбеюі жол қозғалысы ережелерін сақтауды бұрынғыдан да өзекті етті. Мұндай құралдарды басқаратындар жолдағы басқа қатысушыларға кедергі келтірмей, белгіленген ережелерге бағынуы тиіс. Адамдар көп жүретін жерлерде жылдамдықты азайту, жолдан өткенде құрылғыдан түсу және қорғаныс құралдарын пайдалану қауіпсіздікті арттырады. Тәртіп бар жерде жол-көлік оқиғалары азаяды.
АЛТЫНАЙ СЕЙТКЕН

