Көктайғақ, қалың тұман, жаңбыр немесе қар кезінде тежеу жолы ұзарып, көлік басқару қиындайды. Осындай ауа райында жүргізушілер жылдамдықты барынша азайтып, арақашықтықты сақтауы қажет. Дөңгелектердің маусымға сай болуы және көлік жарықтарының дұрыс жұмыс істеуі де үлкен мәнге ие. Қолайсыз ауа райында асықпау – аман-есен межеге жетудің басты шарты.
ЕРЗАТ АСЫЛ

