Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау — ересектердің басты парызы

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау — ересектердің басты парызы

19 қаралым

Отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықтың ең ауыр зардабын балалар тартады. Үйдегі агрессияны көріп өскен баланың психологиялық жағдайы бұзылып, өзіне деген сенімі жоғалады және болашақта мінез-құлық қиындықтарына тап болады.

Баланың құқығын қорғау және оған қауіпсіз, мейірімді орта сыйлау — ата-ананың да, қоғамның да ортақ міндеті. Егер отбасында түсініспеушілік туындаса, мәселені күшпен емес, психологтар мен мамандардың көмегі арқылы шешу қажет.

Әрбір бала бақытты әрі қорғалған ортада өсуге лайық. Бүгінгі мейірім мен қолдау — ертеңгі сау қоғамның кепілі.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑