Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Көлік басқару және телефон: бір секундтық алаңдаушылықтың құны

Көлік басқару және телефон: бір секундтық алаңдаушылықтың құны

20 қаралым

Көлік жүргізіп келе жатып телефонға үңілу немесе хабарлама жазу жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің біріне айналды. Сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік небәрі екі секунд ішінде отыз метрден астам жолды бақылаусыз жүріп өтеді.

Бұл уақыт ішінде жаяу жүргіншінің шыға келуі немесе алдағы көліктің кенет тоқтауы апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан рөлге отырған сәттен бастап бар назар тек жолда болуы тиіс.

Ешбір хабарлама немесе қоңырау адам өмірінен қымбат емес. Жолдағы зейін мен тәртіп — өзіңіздің және өзгелердің амандығы.

АЛТЫНАЙ СЕЙТКЕН

↑