Алкоголь ішіп рөлге отыру — жай ғана ереже бұзу емес, айналадағы адамдардың өміріне қасақана қауіп төндіру. Мас жүргізушінің реакциясы баяулап, арақашықтық пен жылдамдықты бағалау қабілеті төмендейді.
Заңнамада мұндай әрекет үшін жүргізуші куәлігінен ұзақ мерзімге айыру мен әкімшілік қамауға алу сияқты қатаң жазалар қарастырылған. Егер жақыныңыздың немесе танысыңыздың мас күйде көлікке отырмақ болғанын көрсеңіз, оны тоқтату — нағыз азаматтық және достық көмек.
Ішімдік пен көлік ешқашан бірікпеуі тиіс. Саналы шешім қабылдау арқылы талай адамның өмірін сақтап қалуға болады.
АЛТЫНАЙ СЕЙТКЕН

