Елдің өркендеуі білімді, ізденімпаз әрі саналы азаматтардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы ретте «Кітап оқитын ұлт» марафоны халық арасында кітап оқу дәстүрін жаңғыртып, зияткерлік қоғам құру идеясын алға тартады. Марафонға қатысу арқылы әр адам жаңа шығармалармен танысып, білімін жетілдіруге және өзгелерге үлгі көрсетуге мүмкіндік алады. Кітап оқуды ұлттық құндылыққа айналдыру – жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам.
Ерзат АСЫЛ

