Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Еңбек ардагері дауыс берді

Еңбек ардагері дауыс берді

34 қаралым

Мәслихат депутаттарының сайлауына Райымбек ауданының тұрғындары да белсене қатысуда. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне келген жұртшылық өз таңдауын жасап, маңызды науқанда жауапкершілік танытты.

№783 сайлау учаскесінде еңбек ардагері Гүлдария Алтынбекова да өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, ел дамуына өзіндік үлес қосқан ардагер сайлауда азаматтық ұстанымын білдірді.

Еңбек адамдарының өмір жолы – кейінгі буынға өнеге. Сан жылдық тәжірибесі мен тағылымы бар аға буын өкілдерінің қоғамдық маңызы бар шараларға қатысуы – азаматтық жауапкершілік ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының да айқын белгісі.

Мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті деңгейдегі өкілді органның құрамын айқындайтын маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір тұрғынның өз таңдауын жасауы елдімекендердің кемел келешегі үшін қажет.

Ел болашағы әр азаматтың саналы таңдауынан басталады. Райымбек ауданында дауыс беру науқаны жалғасуда.

Ақерке БИЖАН
Райымбек ауданы

↑