Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев Бақанас ауылындағы Алтынсарин көшесінде орналасқан №100 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Қоғамға сыйлы ақсақалдың маңызды саяси науқанға қатысуы – айналасына және жас ұрпаққа үлгі. Оның азаматтық белсенділігі туған елінің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Сондай-ақ Бақыт Сқабаев дәстүрге сай ақ батасын беріп, сайлау учаскесінің жұмысына сәттілік тіледі.
Дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіпке сәйкес, тыныш әрі қалыпты жағдайда өтуде.
Алтынай СЕЙІТКЕН

