Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мәслихат сайлауы – 2026: Қонаевта қоғамдық көліктер тегін жүреді

Мәслихат сайлауы – 2026: Қонаевта қоғамдық көліктер тегін жүреді

32 қаралым

Бүгін облыс орталығында мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға байланысты қоғамдық көлік тегін жүреді. Жергілікті билік мұндай шешімді тұрғындардың сайлау учаскелеріне баруын жеңілдету үшін қабылдаған.
Қонаев қаласында қоғамдық көлік 7:00-ден 19:00-ге дейін тегін болады. Сонымен қатар саяжай тұрғындары мен шағын аудандарда тұратын азаматтар үшін сайлау учаскелеріне қатынайтын арнайы маршруттар іске қосылады. Қала әкімдігің мәліметіне сүйенер болсақ, саяси науқан кезінде бес бағыт бойынша, 30-дан астам қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді.

Ерзат АСЫЛ
Қонаев қаласы

↑