Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасады

Алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасады

34 қаралым


Алматы облысында барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына өңір тұрғындары белсене қатысуда. Қонаев қаласында 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 26-сы ашық, 5-еуі жабық учаске.
Облыс орталғының тұрғындары таңмен таласа сайлау учаскелеріне ағылды. Қонаеав қаласындағы Мәдениет үйінде орыналасқан №949 сайлау учаскесі маңызды саяси науқан айбынды Әнұранмен басталып, алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасай бастады. Олар елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу әр азаматтың парызы екенін айтты.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, барлық сайлау учаскесінің заңнама талаптарына сәйкестігі және қолжетімділік стандарттарының сақталуы тұрақты бақылауда. Әсіресе мүгедектігі бар азаматтардың кедергісіз кіріп-шығуы мен дауыс беруіне қолайлы орта қалыптастыруға басымдық берілген.
Ерзат АСЫЛ
Қонаев қаласы

↑