Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Көпбалалы ана өз таңдауын жасады

Көпбалалы ана өз таңдауын жасады

35 қаралым

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Балқаш ауданының тұрғындары да белсенділік танытуда. Қарой ауылдық округінде орналасқан № 111 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып көпбалалы ана Алма Ұзақбайқызы дауыс берді.
Отбасының таусылмайтын қарбаласы мен күнделікті үй шаруасына қарамастан, ол таңертең сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауға уақыт тапты.
Көпбалалы ананың айтуынша, сайлау – әрбір азамат үшін өз ұстанымын білдіруге, қоғамдық өмірге араласуға және туған өңірдің болашағына қатысты мәселелерді шешуге берілген мүмкіндік.
Бала тәрбиелеп отырған ана ретінде Алма Ұзақбайқызы жас ұрпақтың болашағына бейжай қарай алмайды. Ол маңызды қоғамдық оқиғаларға қатысуды әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі деп санайды. Өйткені бүгінгі таңдау – кемел келешек кепілі.

Балқаш ауданы

↑