Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / АҚСАҚАЛДАР ӨНЕГІ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

АҚСАҚАЛДАР ӨНЕГІ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

42 қаралым

Алматы облысының Құрметті азаматы, Алматы облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Ел ағасы ретінде қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтын Ерболат Сапарұлы дауыс беру әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Елдің ертеңі – бүгінгі таңдауымызға байланысты. Сондықтан әр азамат өз азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына бейжай қарамауы керек», – деді ол.

Іле ауданы

↑