Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Сайлауда азаматтық ұстанымын білдірді

Сайлауда азаматтық ұстанымын білдірді

35 қаралым


Мәслихат сайлауы – аймақтың дамуын айқындайтын маңызды сәт. Осыған орай саяси науқанда Кеген ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, азаматтық ұстанымын білдіруде.
Өңірдегі белгілі тұлғалар да сайлаудан шет қалмады. Кеген ауданының әкімі Таңат Айдарбеков, сондай-ақ бірқатар мекеме басшылары №558 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Қоғам алдында абырой-беделі жоғары азаматтардың сайлауға қатысуы – халықтың саяси белсенділігін арттырып, елдік мүддеге қызмет етудің жарқын үлгісі.
– Сайлауға қатысып, дауыс беру – саяси науқанға қосылған үлес. Әр дауыс маңызды, әр таңдау – елдің ертеңіне деген сенімнің көрінісі, – деді Кеген ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы.
Елдік мүддені бәрінен биік қоятын мұндай саяси науқанда әр азаматтың таңдауы мемлекет дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам екені сөзсіз. Сондықтан халықтың белсенділігі мен жауапкершілігі – демократиялық қоғамның басты құндылықтарының бірі.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

↑