-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлылар үндестігі

    08.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ұлылар үндестігі
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Бұл өзі жетпісінші жылдардың ортасында болған оқиға. Әні әуелеген, атағы дүркіреген біздің Нұрекеңе, Нұрғиса Тілендиевке ақын бауырлары атынан түсіп амандасатын. Телефонға да тыным жоқ. Композитордың мазасын алмайтын, қолқа салмайтын бір адам болды. Ол – Мұқағали! Сондықтан ақын інісін өзі іздеп барды. Оның бойындағы адуын күшті, тасыған талантты таныды.

    Мұқағалиды филармонияға емес, тура үйге шақырыпты. Маңдайы кере қарыс, ұзын қара шашы иығын жапқан, көздері оттай жанған, тау мүсінді сымбатты қазақты қарсы алдық. Сөзі де, ілтипаты да ерекше. Үлкеннің сөзін бөлмей, зейін қойып тыңдайды екен.
    Мұқағали әлем әдебиетінің қыры мен сырын бір кісідей меңгеріпті. Орыс тіліне өте жүйрік екен. Немісшесі тағы бар. Ресми дипломы жоқ демесең, оқығаны мен тоқығаны ұшан-теңіз. Музыка әлемінен түсінігі мол. Өзіміз тұрмақ, Бетховен мен Моцарт секілді әлемдік тұлғаларды сауатты сараптайды. Тіпті, өзін өнертанушы ғалым ба деп қалуың бек мүмкін.
    Нұрғиса ағасымен әңгімесі бірден үйлесті. Кез келгенге ашыла бермейтін композитор сол күндері жарқылдап отырып ақын інісіне ағынан ақтарылды. Бұдан кейін қос тарлан сенімді серік етіп, белдерін бекем буып, шығармашылық жұмысқа белсене кірісті.
    Самдағайлық, тапқырлық, еңбекқорлық екеуін бір-біріне сай етті. Олар бұл жөнінен қатты ұқсайтын. Бірақ шалағайлыққа жол бермеді. Екеуі алдымен шығарманың идеясын тауып, нобайына келісіп, оны оймен қорытты. Бұдан соң нағыз зергерлерше өрнектеуге кірісті. Шығарма толық нақышына келгенде ғана маңдай терін сүртетін.
    Сол күндері олар уақытпен санаспады. Демалыс жарияламады. Композитор рояльмен сырласты. Ақын ақ қағазға жүгінді. Соның нәтижесінде туған шығармалар екі автордың емес, бір адамның жүрегін жарып шыққандай дүниені тербеді. Қос жүйрікке сәттілік тілегенмен күн сайын жаңалықтарды күтуден жалыққан емеспін. Жақсы шығармалар әншілерді де қуандырды. Егер Нұрекең ғайыптан өзгеріп ақынға айналса қайтер еді? Сөз жоқ, Мұқағали болатын еді. Ал Мұқағали композиторлықты еншілесе, Нұрғиса ағасынан аумайтыны анық. Бұл үрдіске басқаша теңеу таппадым.
    Кейін өтінішіміз бойынша Лашын келінімізді де ертіп келді. Екеуі лайық қосылған жұп екен. Адам көңілінің айнасы – жарқыраған жанары. Бәрін көзі мен сөзі анық көрсетті. Қазақта біз араласқан жандар өте көп. Мемлекет басшыларынан бастап, қарапайым адамдарға дейін дәмдес-тұздас болдық. Жақсылардан үйрендік, екіжүзділерден жирендік. Бірақ Мұқағали мен Лашынның жөні бөлек еді. Жан тазалығымен тәнті етті. Сол үшін композитор қуанды. Талантты әріптесі ғана емес, туған інісі мен келінін ұзақ жылдар іздеп жүріп кенеттен тауып алғандай шалқыды. Отыз күнде – отыз ән! Осы оқиғаның құпияларын қаузап ғылыми диссертация қорғаса, ондай ғалым қазақтың өзіне тән бір артықшылығын күллі әлемге паш етер еді.
    1976 жылы көктемде қазақ елі аяулы ақынын жер қойнына тапсырды. Мен Нұрекеңнің бұрын-соңды мұншалық күйзелгенін көрмеппін. Кең дүниеге сыймағандай бұлқынды. Белгісіз түйсікпен кітап-дәптерлерін қайта-қайта ақтара бастады. Не іздеп отырғанын өзі де білмейді. Кенет… әндер жинағының арасынан жазуы бар парақтың жерге сусып түскені. Мұқағалидың қолтаңбасы жарқ ете қалды. Саусақтары дірілдеп қағазға үңілді. Ақын інісі өлең қалдырыпты. Ақырғы аманаты және қоштасуы секілді. «Есіңе мені алғайсың» дейді…
    «Қайран, Мұқаш! Сенің қиналған жаныңды мен мүлдем білмеппін ғой! Білдірмепсің… Қалыпты күйіңді бұзбай еселеп еңбек еттің. Тататын дәміңнің тіршілікте аз қалғанын сездірмедің. Бізді жайдары жүзіңмен алдапсың! Мұндай қайсарлық пен төзім тек сенің ғана қолыңнан келеді!..» деп өксіді.
    Содан кейін ақырын барып рояльдың пернесін басты. Күйсандық композитормен бірге жылағандай, «Есіңе мені алғайсың …» деп күңірене тіл қатты. Ән санаулы минуттардың ішінде ғана жазылды. Ғажап туындыға айналды. Бұл да Нұрекең өміріндегі мен түсіне алмаған құбылыстардың бірі еді.

    Дариға Тілендікеліні
    Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

    Ұсынымдар

    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    2 months ago
    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    2 years ago
    ЖСДП-дан парламентке өткен депутаттар белгілі болды

    ЖСДП-дан парламентке өткен депутаттар белгілі болды

    2 years ago
    ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ

    ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ

    12 months ago
    Бейбіт атом: пайдасы мен зияны

    Бейбіт атом: пайдасы мен зияны

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>