-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Сәмен Дәненұлына арналған конкурс өтті

    22.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Сәмен Дәненұлына арналған конкурс өтті
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    17-сәуір күні, «Батыр бабалар мемориалды» музейінде – XVIII ғғ. өмір сүрген атақты батыр Сәмен Дәненұлының 320 жылдығына орай «Сәмен Дәненұлы: өмірі және оның заманы» атты тақырыпта Алматы және Жетісу облысы көлемінде мектеп оқушылары арасында конкурс болып өтті. Жыл басынан бері конкурсқа – оқушылардан жалпы саны 40-қа жуық мақала келіп түскен болатын. Оларды сараптап-саралай келе, жақсы жазылған 15 мақала іріктеп алынып қорғауға жіберілді. Конкурсқа қатысушы оқушылар – Сәмен Дәненұлының өмірі және оның заманы жайында арнайы дайындаған слайтар мен видеороликтерінің көмегімен ғылыми мақаласын қорғап, өздерінің шығармашылық жолындағы шеберліктерін көрсетті.

    Ғылыми және әдеби шығармаларда Сәмен батырға байланысты деректердің сирек кездесетіндігіне қарамастан, кейбір оқушылар – Сәмен Дәненұлының Жамбыл ауданындағы туған жерінен бастап – батырдың сүйегі жерленген Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы Жоламан елдімекеніне дейін ғылыми экспедиция ұйымдастырып, көнекөз қариялардан құнды ақпараттар жинақтап, арнайы бейнероликтер түсірген. Сондай-ақ, заманауи «жасанды интелектіні» шебер қолдана отырып, қазақ батырларының өткен тарихы мен бүгінін жалғастырып, анимациялық фильмдер де жасақтап жоғары дайындықпен келгенін көруге болады.

    Конкурс жеңімпаздары «Алматы облысы музейлер бірлестігінің» арнайы тағайындаған жүлделі орындармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

    Атап айтқанда, конкурста:

    Бас жүлдені Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал орта мектебінің 10-сынып оқушысы – Серік Қарақат иеленсе;

    1 орынды – Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы Әбсеметов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Ерланқызы Сымбат;

    2 орын (екеу) – Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы, Жоламан орта мектебінің 9-сынып оқушысы Меңдіғожина Айна Адильқызы;

    2 орын – Қаскелең қаласындағы Жайлы мектептің 10-сынып оқушысы Амалбекқызы Аиша;

    3 орын – Қарасай ауданы, Көккөзек ауылындағы Жайлы мектептің 9-сынып оқушысы Төребай Жүсіп Али иеленді.

    Сондай-ақ, барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік ретінде статуэткалар табысталды.

    Конкурсқа – Қарасай ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы – Орынбасар Басарұлы Жанәділ, Ушинский атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дүйсенбекова Гулнур Уразалиевна және Қаскелең қ. Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ордаева Зоя Жумабердиевна қазылық етіп, әділ бағасын берді.

    Конкурсқа құрметті қонақ ретінде мемлекет және қоғам қайраткері Алик Жатқанбайұлы Шпекбаев, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, суретші Жанұзақ Керімбекұлы Мүсәпір және ҚР Құрметті азаматы, Халықаралық Д. Қонаев қорының вице-Президенті, сазгер Жанботаев Дәулетбек Құрманәліұлы қатысты.

    Конкурстың мақсаты – батырларымыздың ерлігін насихаттай отырып, өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және бір-бірмен ғылыми-шығармашылық жолында тәжірибие алмасып, білімін шыңдау болды.

    Орынбасар ӘЛІМ

    «Батыр бабалар мемориалды

     музейінің» меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

    Алматы облысында 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

    4 months ago
    Парасаттылық танытайық

    Істің байыбына жеткен жөн

    6 months ago
    Жаңа нысандар бой көтереді

    Жаңа нысандар бой көтереді

    1 year ago
    Спортқа серпін береді

    Спортқа серпін береді

    9 months ago
    Халықтың қалтасын қағу

    Халықтың қалтасын қағу

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.