-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қай қалада өмір сүрген қолайлы?

    17.03.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық, Жолдың жайы, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экология, Экономика
    Қай қалада өмір сүрген қолайлы?

    Фото: Inform.kz

    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қазақстан қалаларындағы 2022 жылғы өмір сапасының рейтингі жарияланды. Экономикалық зерттеулер институтының бұл рейтингінде бір қызығы Алматы облысының орталығы саналатын Қонаевты таба алмадық. Онда республикалық маңызы бар және облыс орталығы саналатын және бірқатар моноқолалар да енген. Тек Қонаев жоқ.

    Мемлекет басшысы былтыр 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деп аталатын Жолдауында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бастамасын таныстырған кезде: «Мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты. Мен бұл мәселеге 2019 жылғы Жолдауымда кеңірек тоқталдым. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным әрдайым өзекті. Осы орайда, еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы өте маңызды. Бұған дейін Шымкент республикалық маңызы бар қалаға айналды. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп аталды. … Содан бері азаматтарымыздан көптеген ұсыныстар келіп түсті. Менің тапсырмам бойынша оның бәрі мұқият зерделенді. Халықтың қалауын ескеріп, мен бүгін бірқатар бастама көтергелі отырмын. Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес. Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын.Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санаймын» деген еді.

    Экономикалық зерттеулер институты 2021 жылы 29 наурызда «Қалалардағы тұрмыс сапасының 2020 жылғы ұлттық рейтингін» жариялаған кезде «Рейтинг қалалар үшін олардың күшті және әлсіз жақтарын бағалауда, сондай-ақ олардың даму мақсаттары мен стратегияларын айқындауда, қайта түсінуде маңызды басшылық және эмпирикалық негіз болады деп күтіледі. Қалалар арасындағы бәсекелестік рейтингте талданатын факторлардың, көрсеткіштердің маңыздылығын арттырады. Рейтинг нәтижелерін қалалардың маркетингтік стратегиясының негізгі бөлігі ретінде де пайдалана алады: жоғары позициялар қаланың халықаралық имиджін жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалалардағы тұрмыс сапасының рейтингі қоғамның назарын өңірлік дамудың маңызды мәселелеріне аударуға, қалалардың даму стратегияларын, қалалардағы мәселелерді кеңінен талқылауды ынталандыруға, қабылданатын шешімдердің айқындылығын арттыруға мүмкіндік береді. 2020 жылы рейтинг функционалдық қалалық аудандардың 18 орталық қаласын қамтыды – Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент» деп айтылған еді.

    2022 жылы 1 ақпанда жарияланған «Қазақстан қалаларындағы өмір сапасының 2021 жылғы рейтингіне» 7 моноқала қосылды. Ал биыл наурызда жарияланған «Қазақстан қалаларындағы 2022 жылғы өмір сапасының рейтингінде» 25 қала өзгеріссіз қалғаны байқалады. Ол «Экономика және бизнес», «Адами ресурстар» және «Инфрақұрылым» сияқты негізгі үш фактор бойынша бағаланған. Олар өз ішінде – Экономикалық өсу; Материалдық әл-ауқат; Еңбек нарығы; Бизнес ортаны бағалау; Демографиялық жағдай; Білім сапасы; Халық денсаулығы; Мәдениет, спорт және демалыс; Көлік инфрақұрылымы; Тұру шарттары; Тұру жайлылығы; ЖАО жұмысының тиімділігі; Қауіпсіздік; Қоршаған орта жағдайы сияқты 14 санат пен 89 көрсеткішке бөлінді. Көрсеткіштердің 53-і статистикалық, 36-сы қала тұрғындарының онлайн сауалнамасының нәтижелері бойынша қалыптастырылған.

    Зерттеу қорытындысы бойынша қалалардың ешқайсысы теориялық тұрғыдан ықтимал 10 балл жинаған жоқ, ал орташа балл шартты 5 балдан төмен болды – 4,75 балл. Мәселен 25 қаланың 8-нің көрсеткіші 5-тен жоғары болса, бесеуінің көрсеткіші орташа, ал 12-сінің көрсеткіші орташадан төмен болды. 2021 жылмен салыстырғанда балл динамикасы бойынша ең көп өсім Түркістан, Жаңаөзен, Балқаш, Екібастұз және Степногорск қалаларында байқалып отыр. Ал баллдың ең үлкен теріс динамикасы Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда және Талдықорған қалаларында болды. Мәселен, қатарынан үшінші жыл көшбасшы атанған Астана 2022 жылы 5,89 балл жинаса, 2021 жылы ықтимад 10 балдың 6,67-сін иеленген. Қаланың ең маңызды мәселелері ретінде тұрғындар тұрғын үйлердің болуы мен қолжетімділігін, медициналық қызметтердің сапасын, білім беру қызметтерінің сапасын, қаладағы ауаның ластануын, коммуналдық қызметтердің сапасын, қоғамдық көліктің жұмысын атап өтті. Былтыр үштен екіге көтерілген Атыраудың көрсеткіші – 5,43 балл (2021 жылы 8,49). Тұрғындардың пікірінше, қаланың негізгі проблемалары: ауаның ластануы, медициналық қызметтердің сапасы, сондай-ақ қаладағы жолдардың жағдайы. Ал екіден үшінші орынға сырғыған Алматының көрсеткіші – 5,41 (2021 жылы 5,67) балл. Алматылықтарды ауаның ластануы, тұрғын үйдің қолжетімділігі және қоғамдық көліктің қызметі толғандырады.
    Рейтингі Жезқазған, Сәтбаев, Семей қалалары түйіндеп отыр. Ықтимал 10 балдың 3,89-ын жинаған Семейдегі негізгі проблемалар: коммуналдық қызметтердің сапасы – 94,7%; жолдардың жағдайы – 68,4%; каладағы тазалық – 57,9%.
    Егер урбандалу мегаүрдіс ретінде экономикалық өсуді ынталандыратынын және одан Қазақстан да тыс қалмайтынын ескерсек ұлттық рейтингтен Алматы облысының орталығы мен ондағы қалалардың да көрсеткішін көрер күн алда деп сенеміз.

    Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

    Tags: жолдың жағдайықолайлы қаламоноқалаэкологияэкономикалық рейтинг

    Ұсынымдар

    Жамбылдағы жарқын күн

    Жамбылдағы жарқын күн

    7 days ago
    Мәжіліс депутаты мектеп мұғалімдерімен кездесті

    Мәжіліс депутаты мектеп мұғалімдерімен кездесті

    2 years ago
    Жаңа банкноттар таныстырылды

    Жаңа банкноттар таныстырылды

    1 year ago
    Сапалы интернетпен қамтылды

    Сапалы интернетпен қамтылды

    4 months ago
    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.