-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Қуғын-сүргін құрбандары

    Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

    03.06.2024
    in Қуғын-сүргін құрбандары
    Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    31 мамыр  сонау қасіретті жылдардың қара бұлтын жамылған кезеңдерде жазықсыз атылып, жапа шеккен боздақтардың рухына тағзым етіп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатын күн.

    Осы күнге орай «Ақкөл көтерілісі» құрбандарына арналып тұрғызылған ескерткіш басына жиналып, рухы биік бабаларымызға Құран бағыштап, гүл шоқтарын қою аудан тұрғындары үшін жыл сайын дәстүрге айналған.

    Аталмыш ескерткіштің дәл осы тұста бой көтеруі де кездейсоқ емес. Нәубетті жылдары Ақкөл ауылындағы ескі пошта үйінде бір түнде қанқұйлы саясаттың құрбанына айналған арыстай азаматтарымыз сотсыз, тергеусіз атылған екен. Ал сотталып, кейіннен хабарсыз кеткендері қаншама десеңізші?!

    Осы бір тарихи күнге орай аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев бастаған бірқатар аудандық мекеме-ұйым басшылары, ел ағалары, қоғамдық ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары ескерткіш маңына жиналып, гүл шоқтарын қойды, боздақтар рухына Құран бағыштады.

    Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Тынышбалаұлы елінің болашағы үшін өз жанын құрбан етіп, қасық қаны қалғанша ақиқаттың ақ жолында аянбай күресіп, солақай саясаттың құрбаны болған батыр бабалардың рухына тағзым ету –  бүгінгі ұрпақтың парызы екеніне тоқталып, «Ел іші даусыз, ел шеті жаусыз болсын» деген тілегін білдірді.

    Ал Ақкөл орта мектебінің оқушылары бабалар рухына арналған өлеңдерін орындады.

    Сөз кезегін алған “Ниет” кәсіпкерлерді қолдау қайырымдылық қорының құрылтайшысы, негізін қалаушы, беделді кәсіпкер Болатбек Дәлелханұлы мен “Дайағашшы” туындысының авторы, ақын, белгілі жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы сол бір тар жол тайғаққа толы заманның халыққа қиындық туғызғанын айта келе, ұйымдастырылып жатқан шараның маңыздылығына тоқталды.

    Ауданның бас  имамы Нұрдәулет Төрежанов бабалар рухына арнап Құран бағыштады. Шара соңында құрбандар рухына арналып ас берілді.

    Бақтығали Дәуітбаев,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Табиғат түзген туынды

    Тамсандырған, ән салдырған!

    9 months ago
    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    3 months ago
    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    63 елге экспорт: Алматы облысы өзінің халықаралық ықпалын арттыруда

    6 months ago
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады

    Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті

    2 days ago
    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Ат үстіндегі жауынгерлік өнер

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>