31 мамыр – 02 маусым күндері аралығында Талғар қаласында дәстүрлі садақ ату сайысы бойынша Алматы облысының чемпионаты болып өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруы-мен өткен байрақты бәсекеге қатысқан жерлестеріміз жүлделі орындардан құр алақан қалмады.
Сайыс барысында спортшылар чемпионаттың ережесіне сәйкес Қалқан, Жамбы және Пута нысаналарын ату бойынша бақ сынады.
Дәстүрлі садақ ату сайысында өз өнерлерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатқан спортшыларымыз жайында айтар болсақ, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Ару Махатай 10 жасқа дейінгі спортшылар арасында 10 метрлік қашықтықтан Қалқан нысанасын атудан ІІ-ші орын алса, Пута және Жамбы нысаналарын атудан ІІІ-ші орынды иеленді. Ал Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушысы Інжу Жаппар Пута атудан ІІ-ші орын және Қалқан, Жамбы нысаналарын атудан ІІІ-ші орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар 15 жасқа дей-інгі спортшылар арасында өткен сайыста өз өнерін көрсеткен М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрай Махатай 20 метрлік қашықтықтан сайыстың үш кезеңінен де жүл-делі ІІІ – ші орындарды еншіледі.
Құралайды көзге атқан мергендер арасында жүлделі орындарды еншілеген жерлестері-міздің бұл алғашқы жеңісі.
Садақ ату түрімен айналысуды жаңадан бастаған балғын спортшылар үшін бұл үлкен же-тістік десек те болады.