☀️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ тартысы

    25.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тоғызқұмалақ тартысы
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

            Тұңғыш рет БАҚ қызметкерлері күніне орай журналистер арасында тоғызқұмалақ турнирі өтті. «Assyl Tas» қорының қолдауымен ұлттық құндылықты дәріптеу, тарихы терең зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарының БАҚ өкілдері қатысты.

    Алматыдағы «Достық» үйінде өткен «BAQ TOGYZQUMALAQ» турниріне жалпы саны 40 қатысушы тіркелді. Тілшілер мен редакторлар, блогерлер мен телерадио саласының қызметкерлері топқа бөлініп сынға түсті. Жарыс төрешілері ойын барысын қадағалап, турнирдің тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен талаптарға сай болуын ерекше назарға алды. Екі күнге жоспарланған жарыстың бірінші күні тәжірибелі жаттықтырушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, журналистерге тоғызқұмалақтың қыр-сырын үйретті.
    Тартысты бәсекеде үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз болғандар дипломдармен, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қыздар арасында жүлделі үшінші орынды «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Қарагөз Смәділ мен «Үш қоңыр» газетінің тілшісі Салтанат Жасбатырқызы иеленді. Екінші орынмен Massaget.kz сайтының тілшісі Нұржамал Үсенова марапатталды. Ал бірінші орынды Kursiv.kz медиа агенттігінің қызметкері Ақниет Төленді иеленді.
    Ал ерлер арасында спорт журналисі Нұрлыхан Жұмахан мен «Алатау арайы» газетінің дизайнері Әліби Изекенов үшінші орын алды. Екінші орынмен sportpress.kz сайтының тілшісі Нұрлан Құмар марапатталды. Ал Massaget.kz порталының шеф-редакторы Өмірбек Сансызбай ең үздік нәтижемен жарыс чемпионы атанып, бас жүлдені алды.
    Одан өзге бірнеше журналист турнирде тартысты ойнап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін ынталандыру жүлдесіне ие болды. Олар – Nege.kz порталының тілшісі Динара Мыңжасарқызы, «Әділ сөз» ұйымының өкілі, ардагер журналист Ғалия Әженова, «Қазақстан» ҰТА Алматы бюросының жетекшісі Жазира Оразқызы, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Ришад ­Тұрғанбай және «Жетісу» телеарнасының қызметкері Данияр Мұстафаев.
    Турнирге қонақ ретінде келген республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әкім Тұрсын, тоғызқұмалақтан мемлекеттік бас жаттықтырушы Дәулет ­Әбдікәрімов жарысты өте жоғары бағалап, жеңімпаздарды құттықтады. Дәл осындай «BAQ TOGYZQUMALAQ» турнирі алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде жалғасын табады.
    – Тоғызқұмалақ – басқа спорт түрлері сияқты қолдауға ие болмаса да, төрт мың жылдық тарихқа ие, ата-бабамыздан қалған зияткерлік ойын. Наурыз айында федерация басшылығына журналистер арасында турнир өткізсек деген ойымызды ортаға салған едік. Сол ұсынысымыз қолдау тауып, БАҚ қызметкерлері күніне орай тоғызқұмалақ жарысын қолға алдық. Әрине, алдағы уақытта демеушілер табылып жатса, министрлік тарапынан қолдау болса, бұдан да жоғары деңгейдегі турнирлер ұйымдастырамыз деген ойдамын, – дейді тоғызқұмалақтан Алматы облыстық федерациясының президенті Жарас Ниязбек.
    Жүлдегерлер қатарынан көрінген әріптесіміз Әліби Изекенов:
    – Бұрын шахмат спортын серік еткенім болмаса, тоғызқұмалақтан мүлдем бейхабар едім. Журналистер арасында тұңғыш рет тоғызқұмалақтан турнир өтеді дегенді естіп, бабалардан қалған бағалы өнерді үйренуді жөн көрдім. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Алғашқы нәтиже жаман емес. Енді бұл ойын түрімен тыңғылықты дайындалып, бұдан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземін деп үміттенемін, – дейді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Жолдама тапсырылды

    Жолдама тапсырылды

    2 years ago
    Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті

    Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті

    2 years ago
    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады

    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады

    1 year ago
    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

    2 years ago
    Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты

    Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>