[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жеткіншектер жеңіске таласты

    01.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жеткіншектер жеңіске таласты
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкеміров атындағы спорт кешенінде кикбокстан əлем кубогының иегері, Еуропаның ек дүркін чемпионы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесі үшін бокстан 2010-2011 жылғы кіші жөсөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

    Қазақ спортына еңбек сіңірген қайраткер Елмұрат Қайыпжановтың  құрметіне арналған жарысқа еліміздің әр аймағынан және Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 100-ге жуық жасөспірім боксшы 15 салмақ  дәрежесінде бақ сынасты.

    ҚР Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғали Мұхиддинов пен бірқатар  КСРО және Қазақстан чемпионы  атанған спорт майталмандары қонақ болып, жас боксшылардың өнерін тамашалады.

    – Турнирге қатысқан жасөспірімдердің арасынан талантты боксшылар өсіп шығады деген ойдамын. Шеберлігінрін көріп, көңіліміз марқайды. Спортшыны шыңдайтын – жарыс. Мұндай турнирлердің ауылдық жерде жиі өтуі таланттардың тұма бұлағын ашуға септігін тигізеді. Елмұрат та осы ауылда өсіп, кейін туабітті дарыны мен талмай талпынудың  арқасында талай биікті бағындырды. Спортта айтарлықтай жетістікке жетті. Бүгінгі жарысқа қатысқан балаларға əйгілі спортшының жолын берсін, – деді Ерғали Мұхиддинов.

    Е.Қайыпжановтың  жүлдесіне арналған турнир осымен алтыншы мәрте өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар аталған спорт додасының жылдан-жылға деңгейі көтеріліп келе жатқандығын тілдеріне тиек етті.

    – Бұл турнирге облыстық жарыстарда топ жарған, республикалық былғары қолғап додаларында жүлде алған спортшылар қатысты. Жарыс барысында қатысушылардың  тактикалық және техникалық  тұрғыдан өскендігі бірден байқалды. Бүгін осы жерде жеңіске жеткен жасөспірімдер ертең республикалық және құрлықтық біріншіліктерде өз мықтылығын дәлелдей алатындығына сенімдімін, –  деді халықаралық  дәрежедегі төреші Медет  Өмішов.

    Тартысқа толы өткен турнирдің  чемпиондары «спорт шеберлігіне үміткер» атағын алды. Одан бөлек жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар  мен демеушілер ұсынған  бағалы сыйлықтар тарту етілді.

    Ерзат Асыл,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    3 years ago
    Мергендер сайысы

    Мергендер сайысы

    10 months ago
    «Алаш» сыйлығын иеленді

    «Алаш» сыйлығын иеленді

    5 months ago
    Қазақстанға Ресей президенті келді

    Қазақстанға Ресей президенті келді

    2 years ago
    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда

    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>