Перейти к содержимому

Министрлік: Қазақстанда жанармай қымбаттайды

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде бензин мен дизель отынының бағасын көтеруді ұсынды. Бұл туралы ол елордада өткен брифингте мәлімдеді. «Ішкі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету керек.… 

Алматы облысында жаңа автобус бағыттары ашылды

3 сәуірден бастап Қаскелеңде қала ішінде жүретін №1 және №2 автобус бағыттары ашылды. Қоғамдық көліктерге субсидия Қарасай әкімдігінен қарастырылған. Жол жүру бағасы – 80 теңге, оқушыларға – 40 теңге. Жол ақысын қолма-қол ақшамен немесе QR-код,… 

Министрлік Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру бағасын ұсынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ашық НҚА» нормативтік-құқықтық актілер порталында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолында (ҮАААЖ) жүрудің ақысы көрсетілген бұйрықты жариялады. Бұйрықтың соңғы нұсқасында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру бағасы өзгеруі мүмкін екені аталып… 

Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

31 наурызда Алматы облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Отырыс барасында алдын алу және оңалту жұмысының тиімділігі жөніндегі шаралар… 

China Railway Қонаев қаласы мен G4 City жобаларына қатысуға мүдделі

Бүгін Алматы облысына іссапармен қытайлық «China Railway» компаниясының өкілдері келді. Олар өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевқа компания қызметін таныстырды. «Біздің серіктестіктің іргесі 1950 жылы қаланған. Өздеріңізге мәлім, «China Railway» көпқабатты айналма жолдарын және көппәтерлі үйдің ішінен… 

Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының гинекология бөлімінің базасында пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі. Алматы облыстық денсулық сақтау басқармасы мамандар Алматы облысында тәжірибеге бірегей әдісті енгізіп қана қоймай, оны өңір тұрғындары қолжетімді етті деп хабарлайды. Пренатальды диагностика… 

Заң бұзған коммуналдық қызмет көрсету субъектілері жауапқа тартылды

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті су, электр қуаты және газ тарату қызметін көрсететін мекемелер мен жекеменшік субъектілерін жоспардан тыс тексеріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі… 

Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы қызметіне Қайрат Нұраханұлы Ахметтаев сайланды. Қайрат Ахметтаев 1961 жылы 2 маусымда Алматы облысындағы Балқаш ауданының Бақанас ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын педиатр мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы… 

Алматы облысында тауарлы газ бағасы арзандады

Қазақстан Бас прокуратурасы Алматы қалалық прокуратурасының тексеруі нәтижесінде газ газ таратушы «APL Construction» ЖШС-ның бекітілген тарифті бұзғаны және орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылуда монополия орнатқаны анықталғанын хабарлады. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 1 мың текше метр… 

БҰҰДБ облыстағы орман шаруашылығын техникамен қамтыды

БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері Ұйғыр ауданындағы орман шаруашылығына өрт сөндіруге арналған киімдер, сексеуіл егуге арналған техника және қосымша құрал-жабдықтар табыстады. Шарада облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Қанат Ақылұлы өңірде орман алқаптарын кеңейту және өртке қауіпті…