Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы қызметіне Қайрат Нұраханұлы Ахметтаев сайланды.

Қайрат Ахметтаев 1961 жылы 2 маусымда Алматы облысындағы Балқаш ауданының Бақанас ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын педиатр мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қонаев қалалық ауруханасында учаскелік дәрігерліктен бастады. 2003-2021 жж. аралығында Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2021-2023 жж. аралығында Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасының дәрігер-сарапшысы болып қызмет атқарды. VIII шақырылымдағы қалалық мәслихатқа өзін-өзі ұсынды.

Айта кетейік, жалпы Қонаев қаласы мәслихатында 12 депутат бар.