Перейти к содержимому

ОСК: Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс берді

Қазақстандағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауда сайлаушылардың 46,84 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады. Облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәлімет бойынша,… 

Жүзге таяған соғыс ардагері дауыс берген күн

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 98 жастағы Солтанбай Жарықбасов қария Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Алға елді мекенінде тұрады. Қарт майдангер баршаға үлгі-өнеге көрсетіп, №187 сайлау учаскесіне дауыс беруге келді. Ақсақалдың айтары аз емес екен.… 

Алғашқы келушіге сыйлық табысталды

Ұзынағаш ауылының тұрғыны Әсем Үркімбаева өзі тіркелген дауыс беру орнына таңғы сағат жетіде келіп, таңдауын жасады. Сөйтіп аудан орталығындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің ғимаратында орналасқан №263 сайлау учаскесінде алғашқы келушіге тағайындалған сыйлыққа ие болды. Алғашқы… 

Қазақстан президенті Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, сағат 12:00… 

«Сайлау — дауыс беретін ғана емес, елді ұйыстыратын да күн»

Бүгін елімізде Қазақстан Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. -Баяғыда шарушылықтар тұсында сайлау күні той болып жатушы еді. Сауда ұйымдастырылатын. Концерттік бағдарламалар жалғасып жататын. Түрлі-түрлі ұлттық ойындар да өткізілетін. Біздің ақ… 

«Жастар сайлауға жауапкершілікпен қарау керек»

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ғимаратында орналасқан №825 сайлау учаскесін бетке алған сайлаушылар да саяси науқанға бей-жай қарамайтындар қатарынан. Өйткені, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халқының өмір сүруінің жақсаруына соны серпін берер бұл сайлаудың бұрынғы сайлаулардан өзгешелегі… 

ОСК: Сайлаушылардың үштен біріне жуығы дауыс беріп үлгерді

Қазақстандағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауда сайлаушылардың 30,65 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Сабила Мұтафина хабарлады. Облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиялары… 

Қонаевта 104 жастағы әжей таңдауын білдірді

Қонаев қаласындағы 937 сайлау учаскесінде де тұрғындардың дауыс беру белсенділігі жоғары. Үлкен-кішісі қалмай, өз таңдауын жасауға жанталаса асығуда. Көңіл серпілтер ерекше сәтке де көзайым болдық. 937-ші нөмірлі сайлау учаскесінің мамандары 2-ықшамауданда орналасқан тұрғын үйге бас… 

Арна ауылындағы сайлау учаскесінде заң бұзушылық тіркелген жоқ

Бұл туралы №955 сайлау учаскесінің төрағасы Қалдықыз Есенбаева айтты. «Жалпы сайлаушылардың саны – 591. Сағат 11.00-дегі дерекке сәйкес, мұнда 100 адам дауыс берді. Осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ», – деді төраға. Қалдықыз Есенбаеваның… 

Алматы облысында сайлаушылардың 15,32 пайызы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов еліміз бойынша азаматтардың дауыс беру белсенділігі бойынша есеп берді. Оның мәліметінше, қазірге дейін сайлаушылардың 14,21 пайызы бюллетень алды. Астана уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың дауыс беру көрсеткіші мынадай:…