Перейти к содержимому

Коммуналдық қызмет тарифі қымбаттайды

Келесі жылы коммуналдық қызмет құны 30 пайызға дейін қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Министрдің сөзінше, бағаны өсірудің есебінен ескірген инфрақұрылым желілері жаңартылмақ. Биыл тариф 20 пайызға өсті. Бағаның күрт көтерілуіне жол… 

Полиция басшысы азаматтармен кездесті

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтармен кездесті. Қоғамдық қабылдауға Полиция департаментіне қарасты бірқатар салалық бөлім мамандары қатысты. Олардың ішінде тергеу, криминалдық полиция және әкімшілік полиция… 

Қонаев әкімі Қытай делегаттарымен кездесті

Алматы облысында «Alatau INVEST» халықаралық форумы өтті. Басқосуда өңірге инвестиция тарту мәселесі, аймақтың әлеуеті талқыланды. Аталған шараның жалғасы ретінде Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Қытайдан келген делегаттарды қабылдады. Олардың қатарында Іле Қазақ автономиялы облысының басшылығы… 

Жоғалған шопандар табылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында қарлы боранда жоғалып кеткен екі шопан табылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бір отар қойды бағып жүрген екі шопан – 1984 жылы және 1982 жылы туған екі ер адам Жартас ауылы… 

«Жасанды интеллект – құрал, бірақ адам секілді абстрактілі ойлай алмайды»

И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейінде «Мектептерде жасанды интеллект пен цифрландыруды зерделеу: Швейцария және Алматы қаласы мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында аудандық семинар өтті. «Шараның мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың… 

Бірқатар өңірде оқушылар онлайн оқиды

Елімізде аяздың күшеюіне байланысты бірқатар облыс орталықтары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларында бірінші ауысымдағы ектеп оқушылары онлайн оқуға көшті. Алматы қаласында 13-14 желтоқсан күндері ауа температурасының -27 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0-9 сынып оқушылары онлайн… 

Ұлттық қор қаржысы балалар шотына қашан аударылатыны белгілі болды

Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин Ұлттық қордың ақшасы бала шотына 1 ақпанда аударыла бастайтынын айтты. «Ұлттық қор төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024… 

Қонаевта 44 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қонаевта бір тәулікте 44 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қонаевта коммуналды қызмет көрсетуші компания жұмыскерлері бір тәулікте 44 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Қазгидромет мекемесінің мәліметінше,… 

Облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтады

11 желтоқсан күні кешке Қазақстанда Алматы облысында ауа-райының күрт суытып, қалың қар түсуіне байланысты Алматы – Шелек – Қорғас жолының 24-254 шақырымы, Арман учаскесінен– Айдарлы ауылына дейін (автокөліктің барлық түрлері үшін) көліктердің жүруіне шектеу қойылды.… 

Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қонаев қаласында соңғы тәулікте орташа айлық көрсеткіштің жартысындай болатын қар түскен. Осыған байланысты қала әкімі Нұрлан Құматаевтың тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетуші компания күшейтілген тәртіпте жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда көшелерді тазалау үшін…