-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    «Жасанды интеллект – құрал, бірақ адам секілді абстрактілі ойлай алмайды»

    13.12.2023
    in Білім-ғылым
    «Жасанды интеллект – құрал, бірақ адам секілді абстрактілі ойлай алмайды»
    0
    SHARES
    35
    VIEWS

    И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейінде «Мектептерде жасанды интеллект пен цифрландыруды зерделеу: Швейцария және Алматы қаласы мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында аудандық семинар өтті.

    «Шараның мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру», – дейді алғы сөз алған мектеп директоры Құралай Ошанова.

    Шараға қонақ ретінде журналист Мұрат Оспанов, Диана Снегина, «Атамұра» корпорациясының директоры, IT маман Алира Тен және аудандық білім бөлімінің мамандары қатысты. Ең қызығы, осы қонақтардан бір топ жасақталып олар мектеп оқушыларынан құралған командамен интеллектуалды ойын ойнады.

    Одан соң мектеп директорының орынбасары Динара Мұратбекқызы «Жасанды интеллектінің чат боттарын педагог жұмысында қолдану. Швейцария мысалында» тақырыбында баяндама жасап, Швейцарияда іс-сапармен болған кезде алған құнды ақпараттарымен бөлісті. Артынша мектептің дарынды оқушылары да жасанды интеллект туралы, өздерінің жобалары жайлы сөз сөйледі. Соның ішінде Герман Арсений жасанды интеллекті күнделікті қалай қолданып жүргені туралы бөліссе, 11 сынып оқитын жас өнертапқыш Мәди Бейсебаев «МО-кап ұстау жаңа технологиясы» жобасы бойынша өзі жасаған робот-қолды таныстырды. Тағы бір мектеп оқушысы Дияр Ушуров қазір телефонға арналған қосымша жасап жатса, екінші бір дарынды шәкірт Матвей Рыбалкин бағдарламалау тілін ойлап тапқан. Жас ғалымдар мен зерттеушілер осы семинарда қаншама жылын арнап жасаған жобаларын, олардың маңызы мен жұмыс принціпін таныстырды. Олар осы жұмыстарымен талай байқауда жүлделі орын алып та үлгеріпті.

    «Жиын соңында келген қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Олар ЖИ-дің болашағы мен адамзат өміріндегі рөлі туралы талқылап, ойларын ортаға салды. Оқушылар ЖИ адам өмірін жеңілдетуге арналған құрал деген идеяны алға тартса, қонақтар мен мамандар ЖИ адам секілді абстрактілі бола алмайды, бірақ оның күнделікті өмірде беретін игіліктері көп дегенді айтады. Қорытынды пікірді білу үшін арнайы «кьюар код» орнаттық. Қатысушылар осылайша онлайн форматта өз әсерлерімен бөлісті. Осындай керемет бастаманы ұсыныс ретінде тастаған идея авторы – директорымыз Құралай Ошанова. Шара өз мақсатына жетті, талқылау да, таныстыру да, жаңа ақпарат алу да, ойнау да, ойлану да болды», – дейді шара ұйымдастырушыларының бірі Майгүл Бақытбекқызы.

    Ұсынымдар

    Асық атудан облыстық чемпионат өтті

    Асық атудан облыстық чемпионат өтті

    2 years ago
    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

    2 years ago
    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    1 year ago
    Өңір дамуына мәслихаттың қосатын үлесі аз емес

    Өңір дамуына мәслихаттың қосатын үлесі аз емес

    5 months ago
    Кәсіпкерлік әйелдерге жат емес

    Кәсіпкерлік әйелдерге жат емес

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.