Перейти к содержимому

Қонаевта «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр

Қонаев қаласында Қазақстандағы алғашқы әуе шарлары фестивалі — «Мың бояулы аспан» халықаралық шарасы өтіп жатыр. 30 мыңнан астам адам жиналған фестивальде 30-дан астам аэростат көкке көтерілді. Фестивальде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, мұндай… 

Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

Алматы облысында I Халықаралық медиа және туризм форумы өтіп жатыр. 21 шілдеде басталып, 23 шілдеде аяқталатын форумға «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры, Алматы облысының әкімдігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет министрлігі бірлесіп ұйымдастырған шараға… 

Министр: БАҚ-та қазақ тілінің үлесі артады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Масс-медиа туралы» жаңа заң жобасында мемлекеттік тілге қандай басымдықтар беру ұсынылып отырғанын айтты. «Бұған дейін баспасөз тілі 50/50 қағидатымен жұмыс істегенін білесіздер. Біз оны өзгертіп, қазір 70/30 болсын… 

Түргендіктер заңсыз қоқыс полигонынан қашан арылады?

Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының тұрғындары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдап, елдімекендегі экологиялық мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуін сұраған еді. Түргендегі түйткілді түсіну үшін жергілікті әкімдікке барып, мәселенің мән-жайын… 

ҮАААЖ бойында жүру бүгіннен бастап ақылы болады

Алматы облысының аумағындағы Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен (ҮАААЖ) жүру бүгіннен бастап ақылы болады. Индустрия және инновациялық даму министрлігінің ҮАААЖ учаскесін ақылы түрде пайдалану туралы бұйрығына сәйкес, енді қанша қашықтықты жүргеніне қарамастан, бір сағат ішінде… 

Мәжіліс төрағасы келесі сессияда қандай заң жобалары талқыланатынын айтты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, VIII шақырылымдағы парламенттің I сессиясының қызметі туралы мәлімет берді. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Ерлан Қошанов сессия жұмысы басталғаннан бері мәжілісмендер 82 заң жобасын қарағанын,… 

Алматы облысында ат спорты түрлерінен «Жолан жүйрігі» дүбірлі додасы басталды

Райымбек ауданының Қарасаз ауылында бүгін ұлттық ат спорты түрлерінен «Жолан жүйрігі» республикалық жарысы басталды. Біріншілік әр жылдары Райымбек және Талғар аудандарының әкімі, Алматы облысында түрлі лауазымды қызметтер атқарған Жолан Омаровты еске алуға арналған. Қарасаз атшабарында… 

Медициналық мекемелерді жөндеуге жекелеген инвесторлар да тартылып жатыр

Алматы облысында бірқатар медициналық мекемелерге мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда 2020 жылы сенімгерлік басқару құқығына ие болған «A-CLASS MEDICAL» ЖШС Талғар аудандық ауруханасына қарасты 27 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын… 

Облыстағы мектептерге 34 автобус берілді

Автобустар оқушылары көп Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар және Іле ауданындағы мектептерге берілді. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көліктердің кілтін аудандық білім бөлімінің басшыларына салтанатты түрде табыс етті. «Қуанса, бала қуансын» дегендей, бүгін біз осындай қуанышты күннің куәсі… 

Алматы іргесіндегі тұрғындарға арнап жаңа автобус бағыттары ашылмақ

Алматы әкімдігі қала маңындағы елдімекендердің тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін қала маңына қатынайтын 10 жаңа маршрутты іске қосуды жоспарлап отыр. Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа бағыттар қала шегінен 50 шақырым радиуста орналасқан Алматы облысының Талғар,…