Перейти к содержимому

Бала жанының бағбаны

Алдына келген шәкіртті білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуда ұстаз еңбегіне тең келер ештеңе жоқ. Осынау «бала жанының бағбаны» атанған ізгі жандарға көрсетілер құрметтің шексіз екендігі де сондықтан. Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған Нұргүл Темірбаева… 

Көлігімен көмекке келді

Елімізді әуре-сарсаңға салған су тасқыны әлі де бой бермей тұр. Қаншама күш жұмылып, техника тартылса да, қарғын судың беті қайтар емес. Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға жұрт бір кісідей атсалысып, қолдан келген көмегін аямауда. Әрине, мұндай… 

«Ұлттық киім тігуден шабыт аламын»

Биыл ұлт мейрамын тойлаудың жаңа форматы ретінде «Наурызнама» онкүндігі өткізілді. Соның бір күні ұлттық киімдерді ұлықтауға арналды. Осыған орай, қазақи нақыштағы киім тігумен айналысатын Іле ауданында тұратын кәсіпкер Айгүл Туғанбаеваны әңгімеге тартқан едік. – Айгүл… 

Абыздан жеткен аманат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың тамыз айында «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде тарихи тұлғаларымыз туралы: «Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын! Қорқыт ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата,… 

Естай салған ән қандай?!

Алматыдағы ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты М.Есболатов атындағы Алматы академиясында мерекелік шара өтіп жатқан. Жиналған жұрттың қарасы біршама екен. Салтанатқа арналған формаларын киіп, сап түзеген жауынгерлердің түр-сипатына қараудың өзі бір ғанибет! Әдеттегідей Мемлекеттік Гимн орындалған… 

Перзентханадағы қуаныш: біреуге қуаныш, біреуге мұң

Қанша уақыт өтсе де, осы бір көрініс көз алдымнан кетер емес. Жақын досымыздың келіншегі босанып, перзентханаға жағдайын сұрап барған едік. Жағдайын сұрап деудің негізі бар. Өйткені нәресте шала туған. Салмағы небәрі 600 грамм ғана. Дәрігерлер… 

Бірлігі бар ел озады

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында этносаралық қатынастарды дамыту мәселесі бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясы алдындағы кеңес отырысын ашып жүргізген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ел бірлігі мен татулығын нығайтуға қызмет етіп келе… 

Атасының баласы

Жұмыстан әдеттегіден ерте келіп, күнделікті үй шаруасын атқарып тастауға үлгеру үлкен қуаныш емес пе? Ауылға жетіп, көліктен түскен кезде мал өрістен қайтып жатыр екен. Кіреберістегі көпірге ұйлығыса мөңіреген сиырлардан өте алмай, біраз машина жиналып қалыпты.… 

Балалардың жұлдызын жаққан

Қоғамда сынға іліге бермейтін жалғыз маман иелері бар. Олар – ұстаздар. Өзгенің баласын өзінің баласынан артық көретін жаны жайсаң жандар көбінде алғыс арқалап жатады. Бүгінгі таныстырғалы отырған өнер иесі де ұстаздар қауымынан. Байсерке ауылындағы №28… 

«Таңбалыдағы» Наурыз тойы

Жамбыл ауданындағы «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында Наурыз мерекесі тойланды. Мекеменің Қарабастау ауылы маңындағы «Таңбалы сапар орталығы» деп аталатын бас кеңсесінде өткен шараға жартас суреттерін зерттеуші ғалымдар, әр өңірден келген музей жетекшілері, жастар, саяхатшылар қатысты.…