-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ат үстіндегі сайыс

    20.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ат үстіндегі сайыс
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

            Талғар ауданындағы «Қобыланды» атшабарында ұлттық спорт түрлері – ­аударыспақ, жамбы ату және теңге ілуден облыстық чемпионат өтті. Аталған жарысқа ­Қонаев қаласы мен аудандардан 60-тан аса спортшы қатысты.

    Аударыспақтан 2007-2010 жылы туған жасөспірімдер 9 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Бұл спорт түрі облыста жыл өткен сайын қанатын кеңге жаюда. Өңір намысын қорғап жүрген спортшылардың нәтижесі көңіл қуантады.
    «Жасөспірімдер арасында республика бойынша алдыңғы қатарда тұрмыз. Мықтылық пен ептілікке баулитын ұлттық ойын жастар арасында танымал бола бастады. Соған қуанамыз. Біз үнемі облыстық чемпионатты «Қобыланды» атшабарында өткіземіз. Өйткені бұл жер халықаралық стандартқа сай жасалған», – дейді аударыспақтан Алматы облысының бас бапкері Тұрар Мұратұлы.
    Жарыс қорытындысы бойынша, Райымбек ауданының спортшылары бірінші орынды иеленді. Атап айтқанда, Нұржігіт Бейбітұлы, Рүстем Сүлеймәди, ­Сәрсенбай Сұлтанбек және Алмас Текенұлы қарсыластарынан басым түсті.
    Жамбы ату жарысы да тартысты өтті. Мергендер бар өнерін ортаға салды. Нәтижесінде, Нұрсұлтан Бірлікбаев пен Асылбек Қазыбектің жебелері нысанаға дөп тиіп, жеңімпаз атанды. Ал теңге ілу ойыны «бес белес», «қос құлаш» және «жеті құт» деп аталатын үш кезең бойынша өтті.
    «Теңге ілу жарысы әлемдік деңгейге көтерілді. Күні кеше ғана елімізде жалауы желбіреген Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында біздің спортшылар тамаша өнер көрсетті. Еліміздің ұлттық құрамасы чемпион атанды», – дейді теңге ілуден облыс бойынша аға жаттықтырушы Кенже Жанбота.
    Жарыс қорытындысы бойынша, «бес белестен» – Олжас Мырзағали, «қос құлаштан» – Асимжан Нариман және «жеті құттан» – Марлен Нурсидин жеңімпаз атанды.

    Өз тілшіміз
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Халықтық штаб мүшелері “Орман шарашылығы” ұжымымен кездесті

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    9 months ago
    «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасуда

    Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдайды

    8 months ago
    Тоғызқұмалақты төрге оздырды

    Тоғызқұмалақты төрге оздырды

    1 year ago
    Көрнекі сурет

    Донор бол да өмір сыйла

    2 years ago
    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.