Перейти к содержимому

Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев хабарлады. Биыл көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру президенттің жарлығына сәйкес 1 наурыздан басталады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың шақыру пунктерінде 195… 

Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындары облыс әкімімен кездесуде газ бағасының қымбаттағанына наразылық танытты. Тұрғындар газға қосылу бағасы 1 миллион теңгеге дейін, ал 1 текше метр газ құны 29,5 теңгеден 34,7 теңгеге қымбаттағанын айтады. Олар бұған… 

Сайлауға түсетін партиялар өкілдерінің пікірсайысы өтеді

Бүгін парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында саяси партиялар арасында пікірсайыс өтеді. Саяси шара Qazaqstan ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде болады. Сайлауалды пікірсайысқа «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica»… 

Сайлау күні шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылады

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өтетін 19 наурыз күні 62 елде 77 дауыс беру учаскесі ашылатынын мәлім етті. Бұл туралы ол министрлікте өткен брифингте айтты. Оның… 

Министр: Алматы облысында жүрген көшкіннің жай-жапсары тексеріледі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы облысының Талғар ауданында жүрген көшкінге қатысты түсінік берді. Министрдің айтуынша, көшкін болған аймақта үй салуға кім рұқсат бергенін тексеру керек. Ол бұған жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың өзі жауапты… 

Өнертапқыш Нұркен

Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылынан Нұркен Жақашовтай азаматты жолықтырдық. Шалғай ауылда тұратын тамаша өнертапқыш. Жасы 60-тан жаңа асқан Нұркен – осы ауылдың бір перзенті . Әкесі Бейсенбай Жақашев соғыс ардагері, анасы Гүлдархан Мәмекқызы тыл ардагері, атасы… 

Ақынға құрмет — жыр жауһарына құрмет

Қонаев қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 177 жыл толуына орай «Ғасыр ғұмыр жасаған ғажап ақын» атты салтанатты шара өтті. Шарада алдымен орталық алаңдағы Ж.Жабаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Одан кейін жиналған қауым қалалық Мәдениет… 

АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында АЭС салу жоспары бойынша ашық тыңдау кейін өтетін болды деп хабарлайды Жамбыл ауданының әкімдігі. Бұған дейін ашық тыңдау 28 ақпанда Жамбыл облысының Үлкен ауылында өтеді деп жоспарланған еді. «Барлық деңгейдегі мәслихат… 

Бағаның бағамы — базарда…

Алдымен еліміздегі көкөніс пен азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын ең ірі сауда орталығы – «Алтын Орда» базарына келген Арман Абайұлы сауда кешенінің директоры Данияр Әлпиевтің кеңсесінде осы салаға жауапты қызмет өкілдерімен еркін жағдайда сұхбаттасты. – Өздеріңізге… 

Алғашқы тірек мектеп жаңаша жарақтандырылды

Алматы облысында алғашқы ауылдық тірек мектеп жабдықталды. Ұзынағаш ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектепті жаңаша жарақтандырудың таныстырылымы өтті. Оған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Осыған байланысты «Ашық есік күні» шарасына «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат…