Перейти к содержимому

Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

Алматы облысы Қарасай ауданының ондаған тұрғыны облыс әкімдігі алдына жиналып, мемлекет меншігіне алынбақ жер телімдерінің әділ бағалануын талап етті. Almaty.tv телеарнасының хабарлауынша, Қарасай ауданында тұратын, сол ауданнан жер алған 100-ге тарта отбасы 8 тамыз күні… 

Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Алматы облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу бойынша операторлардан өтінімдер қабылданып жатыр. Өтініштерді «Алматы облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №… 

«URKER» — 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар,… 

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Бүгінгі қымбатшылық жайлаған уақытта бір баланы мектепке даярлаудың өзі ата-анаға үлкен салмақ. Ал, үйде 4-5 баласы бар ата-аналар үшін бұл тіпті де күрмеуі қиын іс. Осы тұста ата-аналарға көмек көрсетіп, балаларды оқуға қажетті киім-кешек, құралдармен… 

«Жайдарман» ойынының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін жаңа әкімшілік орталықта жайдарманшылар тұңғыш рет облыс әкімінің кубогын сарапқа салды. Сайысқа Алматы қаласының «Қыздар-ай», «Краш», «Энерест», «Атузяки» және Алматы облысының «СДУ», Жетісу облысының «Жарлыөзек», Түркістан облысының «Созақбай», Өскемен қаласының… 

«Қонаев-Алматы» пойызы жаңа вагонмен толықты

«Алматы-Қонаев» бағытындағы электр пойызы жаңа вагонмен толықты. Соның арқасында пойыздағы орындар саны 294-ке жетті. Айта кетейік, пойыз қызметіне жауапты мекеме де ауысты. Бұған дейін бұл міндетті «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарған болатын. Енді тамыз айынан бастап… 

Балабақша педагогтерінің жалақысы өседі

Елімізде биыл қыркүйекте балабақша педагогтерінің жалақысы 30 пайызға көтеріледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты. Оның сөзінше, республика балабақшаларында 98 мың педагог жұмыс істейді.… 

Балаңызды бақылаңыз

Тіршілік атаулының ауа мен нұрға малшынғанда ғана өркен жаятыны іспетті жас ұрпақ та мейірімге бөленіп, ұлағаттың уызына жарығанда ғана ел ертеңінің иесі атанады. Қалай десек те, жас ұрпақтың ақаусыз есеюі келешегіміздің кепілі саналмақ. Алайда соңғы… 

Самокат жүргізушілерінің жауапкершілігі артады

Елімізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокат жүргізушілеріне айыппұл салынады. Бұл шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 29 маусымда қол қойған «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер… 

«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар» істі болды

Алматы облысында әтеш төбелестіріп, пайда тапқандардың үстінен іс қозғалды. Бұған дейін Алматы облысында әтештер арасында төбелес «кештері» өтетіні жайлы видео желіге шыққан. «Алматы облысы Іле ауданы Қоянқұс ауылының тұрғындары ештеңеден қорықпайтын әтештердің арасында шайқастар өткізеді.…