-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді

    27.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді
    0
    SHARES
    30
    VIEWS

          ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин және мәслихат депутаттары мен саяси ұйым өкілдерінен құралған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерімен №28 мектеп гимназиясының мәжіліс залында Іле ауданындағы Байсерке ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
    Кездесуде экологиялық және экономикалық проблемаларды шешу жолында АЭС жобасының тиімділігі жөнінде пікір білдіріп, ауыл тұрғындарын 6 қазан күні өтетін референдумда дауыс беруге шақырды. Максим Рожин өз сөзінде қазіргі таңда климаттық және экологиялық өзгерістердің орын алуына байланысты жел мен күн арқылы алынатын энергия көздерінің тұрақсыздығына назар аударды.
    «Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге экологиялық стандарттарды нығайту көмір мен газ өндіруді дамытуға шектеулер тудырады. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Атом электр стансасы 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. АЭС құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді», – деді ол.
    Кездесу барысында атом электр стансасы – көмірқышқыл газының шығарындыларын және көмірге тәуелділікті азайтудың ең тиімді жолдарының бірі екені айтылды. Сондай-ақ АЭС-тің көмір стансаларынан айырмашылығы жіктеліп, атом энергиясы табиғатқа зиян келтірмейтіндігі және экономикамыздың дамуына тың серпін беретіндігі сөз болды.

    Өңірлік Халықтық штабтың баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    МӘМС: 2024 жылы Қорға жиі қойылған сұрақтар

    3 months ago
    Суға жүзудің шебері

    Суға жүзудің шебері

    7 months ago
    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    2 months ago
    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    1 year ago
    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Қызылша емі – екпе

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.