Перейти к содержимому

Төтенше жағдай

Өрттен қаза тапқан орманшылар отбасыларына пәтерлер берілді

Абай облысындағы орман өртінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына Семей қаласындағы Қарағайлы шағынауданындағы көпқабатты үйлерден жаңа пәтерлер берілді. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады. Пәтер кілттері өрт салдарынан қаза тапқан 14 орманшының отбасына, сондай-ақ тракторшы Сергей… 

Абай облысындағы өрт оқшауланды

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 14 маусым күні сағат 21:00-дегі әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысының «Семей резерваты» орман шаруашылығындағы өрт оқшауланды. Ведомство негізгі күш-жігер жергілікті от ошақтарын сөндіруге және жаңаларының пайда… 

Бас прокуратура: Өртке үш фактордың бірі себеп болуы мүмкін

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өртінің шығуы себебі бойынша бірнеше нұсқа қарастырылып жатқанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Бірінші нұсқа — орманды қасақана өртеу. Яғни ағашты сату мақсатында осындай қылмыс жасалуы… 

Абай облысында жоғалған тұрғынның мәйіті табылды

Абай облысында жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Архиповтың мәйіті табылды деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ.… 

Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

Абай облысының «Семей резерваты» орман шаруашылығындағы өрттің беті әлі қайтпай тұр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, әзірге өрттен елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен… 

12 маусым — өртте қаза тапқан орманшыларды аза тұту күні

Қазақстанда бүгін — 12 маусым Абай облысы аумағындағы орман өртінде қаза тапқан орманшыларды еске алатын жалпыұлттық қаралы күн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Абай облысына жасаған сапарында бұл күнді өрттен қаза тапқан 14 орманшыны аза тұту… 

Өртте қаза тапқан орманшылар марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза тапқан 14 орманшыны «Құрмет» орденімен марапаттау туралы жарлық шығарды. Құжатта Абай облысында орнаған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін 14 орманшының «Құрмет» орденімен марапатталатыны… 

Өрттің өршуіне салғырттық себеп болған

Мемлекет басшысы алапат өртке салғырттық себеп болғанын, оған кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына арнайы барып, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына… 

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы орман өртінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына, туған-туыстарына көңіл айтып, елде қаралы күн жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ресми ақпаратқа қарағанда, бүгін Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапарымен… 

Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

Экология министрлігі Абай облысының аумағындағы «Семей орманы» резерватындағы өрттен қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады: Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы, 1989 жылы туған; Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы, 1996 жылы туған; Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы, 1964 жылы туған; Губаев Алексей Григорьевич, 1993… 

↑