Перейти к содержимому

Төтенше жағдай

«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында шыққан өртте шахтада қалып қойған бесінші кеншінің денесі табылды. Өрттен қаза тапқандар осымен бес адамға жетті. «Арселор Миттал» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні сағат 10:05-те өрт тұтанған. Апат кезінде… 

Шахтадағы өрттен қаза тапқандар үш адамға жетті

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында шыққан өрттен зардап шеккен тағы бір кеншінің денесі табылды. Өрттен қаза тапқандар осымен үш адамға жетті. «Арселор Миттал» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанған. Апат… 

Заречный кентінде көппәтерлі үй өртенді

Алматы облысының Заречный кентінде 8 пәтерлі үй өртенді. Бұл туралыТөтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Төтенше оқиға 17 тамыз күні түн ортасында болған. «17 тамыз күні сағат 03:57-де Алматы облысының өрт сөндірушілері Заречный ауылындағы Школьная көшесінде орналасқан… 

Алматы облысында осы жылдың жеті айында 365 өрт оқиғасы тіркелген

Биыл жеті ай ішінде облыс аумағында 365 өрт оқиғасы тіркелген. Өкінішке қарай, адам шығыны да бар. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр… 

Балаларды құтқару үшін өмірін қиған азаматтың отбасына құрмет көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов суға кеткен балаларды құтқарамын деп қаза тапқан Алматы облысының тұрғыны Рауан Бірқұрмановтың шаңырағына арнайы барып, марқұмның отбасына медаль табыс етті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы жағдай 7 шілдеде… 

Алматы облысында найзағай ұрған бала аман қалды

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында найзағайдан жараланған бала емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, найзағай ұрған баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі жағы күйіп қалған. -31 шілде күні жедел жәрдем көлігімен 11 жастағы найзағай соққысынан жарақат… 

Әкім шатыры өртенген үйге табиғи газ тартуды тапсырды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында шатыры жанып кеткен 2-шағын аудандағы №36 көпқабатты тұрғын үйді аралап көрді. Ол 4-қабаттағы 23-пәтерде тұратын 70 жастағы әжеймен сөйлесті. «Ұйықтап жатқанмын, түнгі сағат 2-де оянып кеттім. Бірдеңе тарс-гүрс… 

Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

2 тамызға қараған түні Қонаев қаласында көп пәтерлі үйдің шатыры өртеніп, 210 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт түнгі сағат 2 шамасында 2-ықшамаудандағы 36 көпқабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінде басталған. Жанған үйден 210 адам эвакуацияланып, жатақханаларға,… 

Алматы облысында 5 адам өрттен құтқарылды

Іле ауданының Өтеген батыр ауылында бес қабатты үйде газ баллоны жарылды. Үйдің 3-қабатында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 шаршы метр аумақта балкон жанып, өрт ас үйге өткен. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары… 

Алматы облысындағы төтенше жағдай салдары жедел жойылды

Алматы облысының құтқару қызметі нөсер жауыннан кейін қалыптасқан төтенше жағдайды бақылауда ұстап отыр және су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. 21 шілде күні облыста нөсер жауын жауып, салдарынан үш ауданда бірнеше ауылда аулаларды су… 

↑