Перейти к содержимому

Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

Алматы облысында тұрғындар еркін жүріп-тұруы үшін 19 наурыз – жексенбіде қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. «19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні қоғамдық көліктің тегін жұмысы ұйымдастырылды», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.… 

Қонаевта ең алғаш болып өрт сөндіруші дауыс берді

Қонаев қаласындағы №2 және №4 ықшамаудан және Жамбыл көшесі тұрғындарының дауыс беруіне мүмкіндік беретін №949 сайлау учаскесінің жұмысы дәл уақытында басталды. Аталмыш сайлау учаскесі 1733 тұрғынның өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Тұрғындарға арналған жалпы бюллетень… 

Алматы облысында 629 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

19 наурыз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Атаулы күнге орай өңірдегі 629 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Бүгін Алматы облысы бойынша мәслихаттарға 190 депутат сайланады. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге… 

Прокуратура сайлауалды тыныштық күніндегі заң талаптарын айтты

Қазақстан Бас прокуратурасы Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні және дауыс беру күнгі заң талаптарын еске салды. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясының отырысында бүгін сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі… 

Сайлау құқығына қатысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

Облыстық соттың әкімшілік істер бойынша сот алқасының төрағасы Ж.Тазабековтың төрағалығымен, облыстық сот судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен қатардағы судьяларының қатысуымен жиын өтті. Күн тәртібінде сайлау құқығына қатысты дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелер… 

Сайлаудың әділ өтуі бүкіл елдің жауапкершілігіне байланысты

Елімізде 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына дайындық бүгінгі таңда бүкіл ел аумағында қызу жүруде. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумнан кейін қабылданған дауыс берудің жаңа ережелері қалай жүзеге асатынын біз алғаш… 

Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

Бұл жайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен кеңейтілген құрамдағы жиында мәлімдеді. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға премьер-министр, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты… 

Алматы облысында мүгедектігі бар сайлаушылар қалай дауыс береді?

Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, облыс сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге қажет жағдайлар жасалды. Атап айтсақ, облыс аумағындағы 601 сайлау учаскесінің барлығы ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан, яғни… 

Сайлауға түсетін партиялар өкілдерінің пікірсайысы өтеді

Бүгін парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында саяси партиялар арасында пікірсайыс өтеді. Саяси шара Qazaqstan ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде болады. Сайлауалды пікірсайысқа «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica»… 

Сайлау күні шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылады

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өтетін 19 наурыз күні 62 елде 77 дауыс беру учаскесі ашылатынын мәлім етті. Бұл туралы ол министрлікте өткен брифингте айтты. Оның…