Перейти к содержимому

Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

Алматы облысында тұрғындар еркін жүріп-тұруы үшін 19 наурыз – жексенбіде қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.

«19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні қоғамдық көліктің тегін жұмысы ұйымдастырылды», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, таңғы сағат 7-де Алматы облысында дауыс беруге арналған 629 сайлау учаскесі ашылды.